Елімізде 5 мыңға жуық әскери қызметкер су тасқынымен күресіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 5 мыңға жуық әскери қызметкер су тасқынымен күресіп жатыр

15.04.2024

Елдегі қызыл судың салдарымен күресуге 5 мыңға жуық әскери қызметкер көмектесіп жүр. Осы уақытқа дейін армиялық авиацияның тікұшақ экипаждары елдімекендер мен қыстақтардан 3 мыңға жуық тұрғынды қауіпсіз жерге көшіруге ат салысқан. Ал әскери-көліктік авиация ұшқыштары дағдарыс аймақтарына күштер мен құралдарды, мамандарды тасымалдаумен және гуманитарлық көмек жеткізумен үздіксіз айналысуда. Олар 18 күнде ішінде 870-ке жуық адам және 148 тоннадан астам жүк тасымалдады. Әскери қызметшілер қаптарға құм дайындап, төсеуге де жұмылдырылған. Сонымен қатар, десантшылар қазір Батыс Қазақстан облысындағы: Магистральный, Подстепное, Байқоныс, Зареченск, Бударино, Жаңабұлақ және Чапаев ауылдарында бөгеттер салумен айналысып жатыр.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу