АҚШ сақтық шараларын күшейтті

18.03.2020

АҚШ індеттің тарауына жол бермеу үшін сақтық шараларын күшейтті. Соңғы мәліметтер бойынша, вирусты 4 228 адам жұқтырып, 75 адам көз жұмды. Америкада төтенше жағдай жарияланғалы бірнеше күн. Қауіпті бақылау және алдан алуға жауапты орталық алдағы сегіз апта бойына барлық жиындарды кейінге қалдыруға кеңес береді. 

Алдағы екі аптада азаматтар үйінде отыруы керек. Мекемелер жаппай онлайн жұмыс тәртібіне көшті. Мектептер жабық. Жоғарғы оқу орындары студенттерді үйлеріне қайтарып жатыр.

АҚШ тың федералды резерві алдағы айда банктерге қарызды тегін үлестіре бастайды. Бұған дейін 1-1,2 пайыз үстеме қосатын. Федералды резерв мұндай қадамға соңғы рет 2008 жылы - қаржы дағдарысы кезінде ғана барды. 700 миллиард доллар қаржы несие құрылымдары арқылы бизнесті демеуге бағытталады. Алайда вирусты шектеу тамыз айына дейін мүмкін болмаса, АҚШ экономикасына орасан нұқсан келуі мүмкін. Кей ақпарат көздері бір миллион адам жұмыссыз қалады, талай бизнес банкрот болады деп болжайды.

Жайнагүл ТӨЛЕМІC


Хабарламаларға жазылу