Биыл Қордайда құны 5 миллиард теңге болатын 21 жоба жүзеге аспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Қордайда құны 5 миллиард теңге болатын 21 жоба жүзеге аспақ

12.03.2020

Сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым жүйелері де тартылады. Жалпы ауданда құны 5 миллиард теңге болатын 21 жоба жүзеге аспақ. Өңірге барған «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қордайда шешілмеген әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді партия өз бақылауына алатынын айтты.

Бұдан өзге, Бауыржан Байбек Жуалы ауданына барып, іскер әйелдермен де кездесті. Өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытудың жәйін талқылады. Іскер әйелдер өндірісті кеңейту үшін жеңілдетілген несие және қайтарамсыз гранттарды көбейтуді сұрады.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу