Қызылордада жейде тігетін фабрика маска тігуге көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жейде тігетін фабрика маска тігуге көшті

12.03.2020

Қызылордада ерлер көйлегін тігетін жергілікті фабрика медициналық маска тігуге көшті. Кәсіпорын күніне 10 мың дана бетперде шығарады.

Фабрикада бірнеше күннен бері негізгі жұмыс тоқтатылды, елу тігінші тек маска тігіп жатыр. Дайын өнім Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларындағы дәріханаларға жөнелтілуде.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу