Ауғанстан президенті Ашраф Ғани АҚШ пен «Талибан» қозғалысының уағдаластығына байланысты түрмедегі тәлібтерді бостандыққа шығаратынын мәлімдеді.
Алғашқы 1500 мүшесі 14 наурызда шығарылады. Ал қалған 3500 тәліб ауғанаралық келіссөздерден кейін босатылады.
«Талибан» мүшелерін босатудың басты шарты - елдегі зорлық-зомбылықты азайту. Түрмеден шыққандар енді ешқандай әскери қақтығысқа қатыспайтыны туралы жазбаша кепілдеме қалдыруы тиіс.
Айта кетейік,29 ақпанда АҚШ пен «Талибан» қозғалысы бейбіт келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, АҚШ ауған жеріндегі 5 әскери базасынан өз жауынгерлерін әкетуі тиіс.
aa.com.tr