Жапониядағы круиздік кемеде коронавирус жұқтырғандардың саны 355-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапониядағы круиздік кемеде коронавирус жұқтырғандардың саны 355-ке жетті

17.02.2020

Жапонияның Diamond Princess круиздік лайнеріндегі 300-ден астам АҚШ азаматы елдеріне оралды. Олардың 14-інен қытайлық коронавирус анықталған. Саяхатшылар арнайы екі ұшақпен эвакуацияланып, індетке шалдыққандар оқшауландырылды. 

Қазір басқа мемлекеттер де кемедегі өз азаматтарын елге қайтаруды жоспарлап отыр. Айта кетсек, қаңтардың 20-ында саяхатқа аттанған бұл лайнерден COVID-19 вирусы анықталып, 2 аптаға карантинге жабылған еді. Соңғы мәліметке сәйкес, борттағы 3711 адамның 355-нен жұқпалы инфекция белгілері анықталып отыр.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу