Ұлы Абайды бүгінгі қазақ қалай түйсініп жүр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы Абайды бүгінгі қазақ қалай түйсініп жүр?

07.03.2020

Адамзаттың асылына айналған Абай туралы ақпарат аста-төк. Құнанбайдың ұлы туралы төгілтіп жазбаған, ақтарыла айтпаған адам кемде-кем. Бірақ әлі күнге түгесіп тауысқанымыз жоқ. Өйткені Абай біздің өлшемнен биік тұрады. Абайдың артында 176 өлең, 3 поэма, 45 қарасөз, 1 мақала қалған деседі. Бірақ санмен саналатын еңбектерді санаға сіңіру үшін ғасырлар қажет. Өйткені Абайды бір оқып ұғынып кету мүмкін емес. Абайдың шығармасы да адам таңдайды, кейбіріміз түсінбей тұрамыз. Біріміз там-тұм болса да түсініп қаламыз, соның өзінде үлкен ғылыми еңбекті тауысып тастағандай күй кешеміз. Өйткені Абай біз көрмеген биікте. Кейінгі кезде адамзаттың асылына айналған Абайдың шығармашылығын шатып-бұтып талдап, өзінше бір сын айтуға құмар сыңаржақтар пайда болды. Тыраштанып баққанмен тірлігінен түк шықпайтынын біледі, бірақ оларға арзан атақ керек. Атақ деп жүріп аяғы аспаннан келгендер туралы қазір сюжетте айтамыз.

Ұлы Абай теңгемізде сақталып қалмаса да, зердемізде жатталып қалу керек. Бұл жолда біз қандай қателік жібердік, қайталамау үшін қайтпек керек?

Еркін СЪЕЗҰЛЫ  


Хабарламаларға жазылу