Халықаралық кітап жәрмеңкесінде Ұлы Абайдың шығармалары таныстырылды

06.03.2020

Беларусь астанасында өтіп жатқан халықаралық кітап жәрмеңкесінде көпшілік Ұлы Абайдың шығармаларымен танысты. Минскіге Франция, Канада сияқты әлемнің 30-ға тарта мемлекетінен ақын-жазушылардың еңбектері ұсынылды, шараға он мыңнан астам адам қатысты. Беларусь республикасының үздік аудармашылары ақынның жиырмадан астам туындысын тәржімалады. Мамандардың айтуынша, жергілікті тұрғындардың тарапынан қызығушылық жоғары, кітапханалардың барлығына таратылған. Абай еңбектерімен енді қоғамдық орындарда да танысуға болады. Ел астанасындағы автобустарда ұлы ақынның өлеңдері оқылып, шығармашылығы насихатталады.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу