Иран Идлиб маңындағы атыста Түркияны сабырлы болуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран Идлиб маңындағы атыста Түркияны сабырлы болуға шақырды

05.03.2020
Иран Идлиб маңындағы атыста Түркияны сабырлы болуға шақырды

Егер Түркия тарапы Идлиб аймағындағы атыс пен жарылысты тоқтатпаса, Иран Түркияның бұл әрекетіне жауап қайтаратын болады. 

Иран консультативтік орталығы шағымында: «Тегеран - Дамаск емес. Мәскеу бізден әскери әрекеттерді тоқтатуды сұраса да сөзге тоқтап, шыдайтын ойымыз жоқ» деп айтты. 

Хасан Роухани әзірге бейбіт келісімге келуге тырысып жатыр. Реджеп Ердоғанмен болған телефон әңгімесінде ол Түркия президентінен Идлибке байланысты 3 жақты келісімге келуді сұрады. Келісімнің басты пресонаждары Тегеран, Дамаск, Анкара болуы мүмкін. Иран Ресейге бұл келісімде орын бермей отыр. 

Иран мен Сирия - ежелден бір-біріне арқа сүйеу болып отырған серіктес.

Еске сала кетейік, 2011 жылы Сирияда алғаш соғыс өрті тұтанған сәттен-ақ Иран Башар Асадты қолдады. 

Иран билігі Сирия тарапын қиын-қыстау кезеңде қару-жарақпен қамтамасыз етіп, өз қолдауын білдіріп келеді.

Айта кетейік, Сириядағы ұялы байланыс операторы да Иранға тиесілі. 

Хабарламаларға жазылу