Түркия мен Сирия арасындағы жағдай шиеленісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия мен Сирия арасындағы жағдай шиеленісті

02.03.2020
Түркия мен Сирия арасындағы жағдай шиеленісті

Бехун аймағында жағдай 27 ақпанда ушықты. Әуе шабуылынан 33 түрік әскері қаза тапты. Ресей тарапы Сирия жағынан атысты тоқтату үшін шара қабылдады. Сондай-ақ, өлгендер мен жараланғандардың эвакуациялануын қамтамасыз етті.

Осыдан кейін Түркия Сирияға қарсы жер үсті және әуе шабуылдарының басталғанын жариялады. Анкара бұл жағдайды НАТО-ға «шабуыл» деп атады. Ал, НАТО Түркияны қолдайтынын білдірді.

Сирия қолбасшылығы Идлибте әуе кеңістігі жабылғанын хабарлады. Сонымен бірге, осы аймақта ұшқан кез келген ұшақ қастандық ретінде қабылданып, құлататынын жария етті. SANA Саракеб қаласының үстінен түрік ұшқышы атылғанын хабарлады.

Ал жексенбі күні түрік әскери күштері Сирияның 2 ұшағын атып тастағаны белгілі болды. 

Жыл басында Сирия Идлиб пен Алеппо аймағын террорлық шабылдардан босатудыбастаған болатын.

Ресей мен Сирия аймақтағы тұрақсыздықтың себебі лаңкестер екенін айтып жүр. Ресей Сыртқы істер министрі Лавров Түркия Сирияның Идлиб аймағындағы проблемаларды шеше алмағанын айтты. Сондай-ақ, ол Түркия бірнеше маңызды міндеттерін орындай алмай отыр деген ойда екенін де жасырмады. 

Рсей тарапы Меморандумның 7-тармағына сәйкес, аймақта бірлескен орыс-түрік патрульдерін құруға шақырды.

Өз кезегінде Сирия президенті Башар Асад Дамаск Түркияның қарсылығына қарамай, Алеппо мен Идлиб провинцияларын азат етуді жалғастыратынын айтты.

ria. ru



Хабарламаларға жазылу