Мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы мақұлданды

04.03.2020

Елімізде сапасыз вакцина үшін жауапкершілік күшейеді. Адам өміріне қауіп төнген жағдайда кінәлілер қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Денсаулық Кодексін талқылыған Мәжіліс депутаттары құжатқа осындай өзгеріс енгізу керек деп есептейді. Себебі екпеден бас тартатындардың 65 пайызы оның сапасына сенбейтін көрінеді.

Екпенің кесірінен адам денсаулығына зиян келсе, кінәлілер 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Сондай-ақ вакцинаны сақтап, тасымалдайтын мекемелерге де талап күшейтілмек.

Жаңа құжатқа сәйкес екпе егілмеген балалар балабақшаға қабылданбай қалуы да мүмкін.

Жаңа кодекстегі тағы бір өзекті мәселе донор мәселесі. Құжатқа сәйкес, адам көзі тірісінде ағзасын беруден бас тартып, оны тірекмесе, дәрігерлер ол адам қайтыс олған соң қажет деп тапса жанды ағзаны алуға құқылы. Енді депуататтардың енгізген ұсыныстан кейін туған-туыстарының біреуінен келісім алуы міндетті.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу