Қазақстандықтарға қол алысып амандасудан бас тарту ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтарға қол алысып амандасудан бас тарту ұсынылды

04.03.2020
Қазақстандықтарға қол алысып амандасудан бас тарту ұсынылды

Қазақстандықтарға қол алысып амандасудан бас тартып, қазақтың көнеден қалған дәстүрі - иіліп сәлем беруді қайта жандандыру ұсынылды.

Мұндай ұсынысты С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетінің құрметті профессоры, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов жасады. Профессордың осыған қатысты видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

«Қазақтар бұрын қолын көкірекке қойып, иіліп сәлем берген. Ал қазір барлығы қол алысып амандасады. Бұл өте қауіпті. Ол адамның қайдан шыққаны белгісіз. Ал егер оның қолын алмасаң, менсінбей кеткендей боласың. Ал бұл - бірінші кезде гигиеналық тазалық, денсаулық кепілі», - деді Төрегелді Шарманов.

Айта кетейік, әлемде коронавирустың таралуына байланысты көптеген ел қатерлі дерттен қорғану үшін қол алысып амандасудан бас тартып жатыр.

Хабарламаларға жазылу