Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына жаңа өкілдер қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына жаңа өкілдер қосылды

03.03.2020
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына жаңа өкілдер қосылды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына жаңа өкілдер қосылды. Бұл туралы Ақорданың Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл, белгілі заңгер, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимов, қоғам қайраткері, «Мазмұндама» ҚБ төрағасы Шыңғыс Мұқан, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков, «Талбесік» көпбалалы аналар қозғалысының жетекшісі, журналист Ләззат Қожахметова, заңгер, «Ізгілік елшісі» республикалық еріктілер қозғалысының жетекшісі, заңгер Айнұр Сәбитова кірді.

Ал Э.Әзімова, А.Саин, Б.Палымбетов, А.Шораев, Б.Бұқарбай, А.Әміртаев Ұлттық кеңестің құрамынан шығарылды.

Айта кетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылға 12 маусымда құрылды. Оның алғашқы отырысы 2019 жылға 6 қыркүйекте өтті.

Хабарламаларға жазылу