Швейцарияның Женева қаласында әлемдегі ең ірі автосалон жұмысы тоқтатылды. Оған себеп – COVID-19 вирусы. Елде инфекцияны жұқтырғандар саны 15-ке жетіп, жүзден астамы карантинге жабылған. Сондықтан билік мыңнан көп адам жиналатын шараларды өткізуге тыйым салып отыр.
Әлемде коронавирус эпидемиясы күшейіп келеді. Адамнан адамға жылдам жұғатын дерт Антарктидадан басқа континенттің бәріне жетті. Осылайша, жұмбақ инфекция шарпыған елдер қатары 50-ден асып отыр. Соңғы тізімге Беларусия, Литва, Нидерланды, Нигерия, Жаңа Зеландия енді.
Қытайдың өзінде коронавирус өткен тәулікте 327 адамнан анықталды. Бұл қаңтардың 23-нен бергі ең төменгі көрсеткіш. Ал дүниежүзінде қауіпті инфекциядан 2800-дей адам қайтыс болып, оны жұқтырғандар саны 83 мыңнан асып отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ