Қостанай облысында боран соғып, көліктер жолда қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында боран соғып, көліктер жолда қалды

12.03.2022

Қостанай облысының оңтүстігінде де боран күшейіп бірнеше көлік жолда қалған. Кешелі бүгін қар құрсауында қалған 122 адам құтқарылды. Оның 7-еуі бала. 9 көлікті құтқарушылар сүйреп шығарған. Күн райының бұзылуына байланысты барлық бағыттағы жолдардың жабылатыны жайлы төтенше жағдай қызметі кеше ескерту жасап хабарлама таратқан. Алайда азаматтардың бір парасы бұл ескертуді елемей, жолға шығып кеткен.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу