Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.