Қазақстанда жұмыс істеп жатқан Өзбекстан азаматтарының құқықтарын заңмен бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жұмыс істеп жатқан Өзбекстан азаматтарының құқықтарын заңмен бекітті

19.02.2020

Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Қазақстанда жұмыс істеп жатқан Өзбекстан азаматтарының құқықтарын заңмен бекітті. Енді олардың шұғыл медициналық көмек алу, еңбек келісім шарттарын жасау, оқу және басқа да мүмкіндіктері нақтыланды. Өзге елге барып жұмыс істейтіндер 2 топқа бөлінеді. Алғашқысы ірі компаниялардағы қызметкерлер. Қазақстанда мұндай 19 мың шетелдік адам тіркелсе, соның тек 800-і ғана Өзбекстаннан. Ал жеке тұлғаларда жалдамалы жұмыс істейтіндердің жалпы саны - 414 мың. Соның 95 %-і яғни 394 мыңы Өзбекстаннан екен. Көбінесе олар құрылыс, жөндеу жұмыстарына, үй қызметкері және тамақтану орындарына аспаз болып орналасатын көрінеді.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу