Заңсыз балық тасымалдаушылар қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз балық тасымалдаушылар қолға түсті

19.02.2020

Алматы-Өскемен тас жолының бойында заңсыз балық тасымалдаушылар қолға түсті. Жүк таситын Газель автокөлігінен 700 келіден астам көксерке балығы тәркіленді. Тасымалдаушылардың балыққа рәсімделген бірде-бір құжаты болмай шықты. Әкімшілік құқықбұзу заңнамалары бойынша тергеу амалдары басталып, балықтың иесі, көліктің бағыты анықталуда. Тәркіленген көксерке балығы өлшеніп, арнайы қоймаға уақытша сақталуы үшін тапсырылды. Жыл басынан бері табиғат қорғаушылары заңсыз балық аулау бойынша 50-ге жуық заң бұзу дерегін тіркеді. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу