Әлемнің ірі инвесторлары елордада бас қосады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің ірі инвесторлары елордада бас қосады

17.08.2017

25-тамызда Астанада «АгроИнвест Форум-2017»  шарасы өтеді. Діттеген мақсат – отандық агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тартып, оның экспорттық әлеуетін арттыру. Жаһандық деңгейдегі форумға Қытай, Иран, Ресей, Түркия, БАӘ, Венгрия, Польша, Испания және тағы басқа елдерден 100-ден аса адам қатыспақ. Шақырылғандардың дені – қалталы кәсіпкерлер, ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер және беделді халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері. Жиын соңында Қазақстан үшін маңызды бірқатар құжаттарға қол қойылмақ.

Айта кетейік, соңғы 5 жылда агроөнеркәсіп саласына 375 млрд. теңгеден асатын шетелдік инвестиция тартылған. Қазір 10 жылға 100 млн. еуро алу үшін Еуропалық инвестициялық банкімен келіссөздер жүргізілуде. 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу