Астана экономикалық форумына тіркелу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана экономикалық форумына тіркелу жүріп жатыр

28.04.2018

17-18 мамыр күні әлемнің үздік саясаткерлері, экономистері, бизнес өкілдері мен басқа да елеулі тұлғалар елордада бас қосады. Биыл Астана экономикалық форумында әлем елдерінің экономикалық жағдайы, өндіру пен тұтыну, көз алдымызда болып жатқан технологиялық революция жан-жақты талқыланбақ.

Биылғы басқосу негізінде Глобал Челлендж саммиті де құрылып отыр. Астана экономикалық форумына Пан Ги Мун, Джим О, Нил, Франсуа Олланд, Стив Возняк сынды аты әлемге әйгілі тұлғалар қатысады деп жоспарлануда. Халықаралық шараға қатысу үшін «forum-astana.org» сайтында тіркелуге болады. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
 

Хабарламаларға жазылу