Хоккейші Кевин Даллмэн Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хоккейші Кевин Даллмэн Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырылды

28.03.2014
Хоккейші Кевин Даллмэн Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырылды
Санкт-Петербургтің СКА командасының қорғаушысы Кевин Даллмэн хоккейден Минскіде өтетін    2014 жылғы Әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан Ұлттық құрамасынан шақырту алды.
 
Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайтында хабарланды.
Даллмэн ӘЧ-2014 дайындық аясында Ұлттық құраманың оқу-жаттығуына қатысатын кандидаттар тізіміне кірді.
 
 Еске сала кетсек, Әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында Минскіде болады. Қазақстан Ұлттық құрамасы алғашқы матчын 10 мамыр күні Германия командасымен өткізеді.

Хабарламаларға жазылу