Қысым көрген оқушының құқығын кім қорғайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қысым көрген оқушының құқығын кім қорғайды?

15.02.2020

Ұстаздар туралы айтқанда да үш тағанға жүгінеміз. Оқушы, мектеп, мұғалім. Бірі бағытынан адасса басқасының басынан бақ таяды. Осы тұста Ғабит Мүсіреповтың мына сөзі ойға оралады: «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім». Бұрын солай еді, ал бүгін ше? Ақпаратты ашып қалсаң, теледидарды қосып қалсаң, радионы басып қалсаң «мұғалім оқушыны жәбірледі» немесе «оқушы ұстаздың айтқанына құлақ аспай қол көтерді» деген жазбалар желдің жылдамдығымен тарап жатыр. Бұл қалай болғаны? Қателік қай тұстан кетті деген сауал көптің көкейінде көлкіп тұр. Өйткені, бұл сұрақтан бұғып қалып ертеңнің еншісіне қалдыруға болмайды. Мұғалім міндетін атқармаса, оқушы озбырлық қылса онда білім жүйесін күшейтеміз деп күшенгеннен нәтиже шықпайды. 

Рас, кейде мұғалімді аяйсың. Өйткені үйдегі еркелігін мектепке арқалап әкеліп, мұғалімге үстемдік жасағысы келетін шәкірттер бар. Ал кейде үйдегі мәселесін мектепке әкеліп өшін шәкірттерден алатын мұғалімдерде табылады. Оны да көзіміз көрді. «Педагог мәртебесі туралы» Заң мұғалімге қандай құқық береді, оқушыға қандай құқық береді? 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу