Covid-19: Жалпы ахуал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Covid-19: Жалпы ахуал

11.08.2020

Өткен тәулікте коронавирустан 1179 адам жазылып шықты. Сөйтіп, ауруынан айыққандардың жалпы саны 73 мыңнан асты. Жұқтыру көрсеткіші де біртіндеп азайып келеді. Бір күнде 722 адамнан ковид анықталса, коронавирустық белгілері бар пневмонияны 57 адам жұқтырған. Осылайша, қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 113 мыңнан асып кетті. Өкінішке қарай, вирус пен вирусты пневмониядан қайтыс болғандар 1400-ден асты. 

Армангүл Тоқтамұрат 

Хабарламаларға жазылу