Президент Семей қаласының әкімі Е.Сәлімовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Семей қаласының әкімі Е.Сәлімовты қабылдады

05.02.2020

Мемлекет басшысы бүгін Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовты қабылдады. Қабылдауда тоқтап тұрған кәсіпорындарды іске қосу, жаңа мектептің құрылысы, жол жөндеу жұмыстары мен көшелерді абаттандыру сөз болды. Президент Семейге тарихи орталық мәртебесін беру жөнінде шешімді атап өтіп, Абайдың 175 жылдығына арналған шараларды сапалы әрі шетелден мамандар тартпай ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ «Семей орманы» аумағында ағаш егу жұмыстарын ұйымдастырып, бұл акцияға жастардың қатысуын қамтамасыз ету керегін айтты.

Саламат ОМАШ


Хабарламаларға жазылу