Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімін қабылдады

09.09.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімін қабылдады. Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына болуы ықтимал пандемияның екінші толқынына дайындық жұмыстарын баяндады. Президент шаһар басшысына әлеуметтік саланы ұмыт қалдырмай, шағын және орта бизнесті қолдауға баса мән беруді тапсырды. 

Бүгін сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты да қабылдады. Жетісудың әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Кездесуде сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласын дамыту және инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Облыс әкімі ішкі туризмді одан ары дамыту, пандемия жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру шаралары туралы айтты. 

Сондай-ақ, бүгін Aқордада Мемлекет басшысы Ресейдің еліміздегі елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Кездесуде қос ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.  Халықаралық ұйымдар аясындағы жаңа жобаларды іске асыру бойынша, ынтымақтастықты бекіту маңызы сөз болды. 

Шерхан Жамбылұлы




Хабарламаларға жазылу