Дональд Трамп халыққа үндеу жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп халыққа үндеу жолдады

05.02.2020

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің ішкі және сыртқы жағдайы туралы халыққа үндеу жолдады. Конгресс алдындағы сөзінде ол Ауғанстанда ұзаққа созылған соғысты аяқтап, америкалық жауынгерлерді елге қайтару мақсатында жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. 

80 минуттық үндеу кезінде залда соғыс ардагерлері мен олардың отбасылары да отырды. 

Тағы бір сөзінде Ақ үй басшысы Иранды ядролық қару жасау ниетінен және «террор таратудан» бас тартуға шақырып, егер бұл тілектері орындалса, Ислам Республикасының экономикасын дамытуға көмектесетінін атап өтті. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу