Асқар Жұмағалиев Үкімет басшысына әріптестерінің үстінен шағым түсірді

04.02.2020
Асқар Жұмағалиев Үкімет басшысына әріптестерінің үстінен шағым түсірді

Бірқатар министрлік ақпараттық жүйелерін интеграцияламай отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндаған ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты. 

«Цифрлық мемлекетке көшу» бағыты аясында келесі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысы «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңды қабылдады. Сонымен қатар, ақпараттық жүйелерді интеграциялау нәтижесінде, қызметтердің 80 пайыздан астамы электронды түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы қағаз құжаттар айналымы 70 млн құжатқа қысқарды. Құжаттардың орташа пакеті 30 пайызға азайды. Ал мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі орта есеппен 3 есе қысқарды. Осы жылы мемлекеттік органдармен бірлесіп электронды қызметтерді 90 пайызға жеткіземіз», - деді Асқар Жұмағалиев. 

Оның дерегінше, жоспарда мемлекеттік органдардың 196 ақпараттық жүйелерін интеграция болған. Қазіргі уақытта оның 161 жасалды. Қосымша мемлекеттік органдар 162 интеграция жасады. Нәтижесінде 320 астам интеграция жүзеге асырылды. 

«Дегенмен жоспарлы интеграцияны аяқтамаған мемлекеттік органдар бар. Атап айтқанда, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінде – 8, Қорғаныс министрлігінде – 7, Ұлттық экономика министрлігінде – 6, Ішкі істер министрлігінде – 4, Денсаулық сақтау министрлігінде – 2 интегрция қалды», - деді ол. 

Министрдің атап өтуінше, интерграция жұмыстарын жеңілдету мақсатында Эстония тәжірибесі зерттелді. Нәтижесінде 2019 жылдың соңында «Smart Bridge» жобасы іске қосылды. Соның арқасында интеграция мерзімі мен шығындары 3 есе азайды. 

«Жалпы, осы жылға 100-ден астам интеграция жоспарланған. Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, мемлекеттік органдарға интеграцияны аяқтау жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймын», - деді Асқар Жұмағалиев Үкімет басшысы Маминге қарата.

Хабарламаларға жазылу