Ақмолалықтар лауазымды тұлғалардың үстінен шағым түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмолалықтар лауазымды тұлғалардың үстінен шағым түсірді

14.02.2020

Ақмола облысы Аршалы ауданының бірнеше лауазымды тұлғасы үстінен арыз-шағым түсті. Мәселен, Жібек Жолы ауылдық округінің әкімі Ғабдығайып Рыспаев елді мекен мәселелерін айтып келген тұрғындарға дөрекі жауап қайтарған. Ал аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Гүлзат Махаева 1 млрд 200 млн теңге бюджет қаржысын мердігер компанияның есепшотына заңсыз аударған. Жол құрылысын жүргізуге мемлекеттік сатып алу бойынша тендерді жеңіп алған мердігер жұмысты бастап кеткен. Алайда іле басқа қатысушы тендер заңсыз болды деп сотқа шағым түсірген. Сот шешімі бойынша қаржылық іс-әрекеттерге тыйым салынғанына қарамастан, құрылыс бөлімінің басшысы ақшаны аударып жіберген.


Хабарламаларға жазылу