Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 425-ке жетті

04.02.2020
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 425-ке жетті

Қытайдың Хубэй провинциясында 2019-nCoV вирусынан қаза тапқандардың саны 425-ке жетті, ал жұқтырғандардың саны - 20438 адам. 2788 адам ауыр халде жатыр. Ал 632 науқас ауруханадан емделіп шыққан.

Сондай-ақ 23214 адам жаңа коронавирусты жұқтырды деген күдік бар. Науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 171,3 адам дәрігерлер бақылауында. 

Еске салайық, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Ухан қаласында белгісіз дерттің таралғанын хабарлаған еді. Мамандар аурудың қоздырғышын анықтады, жаңа коронавирусқа 2019-nCoV атауы берілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жағдайды халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп таныды. Қытайға індетпен күресу үшін 11 мемлекет қаржылай көмек көрсетті.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу