Алаяқтар белгілі хирург Ю.Пяның атын жамылып халықты алдап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтар белгілі хирург Ю.Пяның атын жамылып халықты алдап жүр

03.02.2020

Қазақстанда интернет арқылы күмәнді дәрі-дәрмек саудалайтындардың қатары көбейген. Тіпті танымал дәрігер-хирургтардың атын жамылып, саудасын қыздырып отырғандар аз емес. Қысқа уақытта дертіңнен айықтырады деген препарат керісінше, жазылмайтын ауру қосып беруі мүмкін. Дәрігерлер халықты жалған жарнамаға алданып қалмауға шақырып отыр.  

Алаяқтардың арбауына қаншама қазақстандық тап болуда. Өйткені, жүрек-қан тамырлары ауруына таптырмас ем деген дәрі-дәрмектерді сайтта Юрий Пяның өзі жарналамаған-мыс. Бірақ, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басқарма Төрағасы мұның бәрін жоққа шығарды.

Дәрінің құрамы қандай, не қосылған, қай жерде жасалғанынан ешкім хабарсыз. Оны тұтынған адам денсаулығын жақсартпайды, керісінше дертін асқындырып алуы әбден мүмкін. Науқасты қарап-тексермей-ақ, телефон арқылы диагнозын қойып, саудасын өткізудің амалымен әлек. Мұндай жалған жарнама жасап, фэйк ақпарат тарататындарға елімізде жаза қатаң. 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.

Ал қулығына құрық бойламайтындар айланың түрлі әдісіне көшіп, ұстатпай жүр.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу