«Апта» қонағы - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Апта» қонағы - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова

02.02.2020

Ұлттық бірыңғай тест тапсырған кезде педагогикалық мамандықтарға өтетін баллды 70 ке көтеретіндерін Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов хабарлады. Ал былтыр 60, алдыңғы жылы 50 болған...

Орта білім саласындағы «шиленген» проблеманың бірі - педагог мамандығын таңдаушылардың бір бөлігінің /әлде көбінің?/ оқуға аса бір сүйіспеншілікпен түспейтінін және мектепте орташа оқығандар баратынын ылғи айтамыз. Грантқа оқудың мүмкіндігі, бітіргесін айлық алатын жұмыс... тағысын тағы – осындай есеппен оқу.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы Күләш Шамшидиновамен сұхбаттасқанбыз. Жаңағы мәселені сұрадық.

Ал ең бастысы - мәселе бағаға, баллға оқуда еместігін түсінетін, кез-келген дүниеге, процеске төрт бұрышынан қарай алатын, өзінің толымды болғанын, мемлекетінің де өркен жайғанын қалайтын Азамат тәрбиелеу қиын ба?


Хабарламаларға жазылу