Президент «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымын қабылдады

28.02.2018

Бүгін Президент «Назарбаев зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының басқарма төрайымын қабылдады. Кездесуде оқу орнының жұмысы мен мүмкіндіктері сөз болды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл мектептің еліміздің орта білім жүйесінде үлкен маңыз атқаратынын атап өтті. 2008 жылдан бастап білім ордасын 5,5 мыңнан астам оқушы бітірген. Олардың барлығы 3 тілді еркін меңгерген. Президент бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, оқу орнын одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берді. Ал, Күләш Шәмшидинова Елбасыға мектептің оқытушылар құрамы жөнінде ақпарат беріп, жетістікке жеткен түлектері жөнінде баяндады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл мектептер барлығына үлгі болуы керек. Біз олардың тәжірибесін жаңа мектептер ашатын кезде ескеретін боламыз. 2008 жылдан бері Зияткерлік мектептерді 5660 оқушы бітірді. Олардың барлығы да үш тілді еркін меңгерген. Біз бүкіл елге Қазақстанда үш тілде білім алу қолдан келетін іс екенін көрсеттік.

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы:

- Осы жылдар ішінде Сіздің қолдауыңыздың арқасында көптеген жұмыс атқарылды. Бізде 2800 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 195-і – шетелдік оқытушылар, 183-і – «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша шетелдің жетекші оқу орындарында және Назарбаев Университетінде білім алған түлектер. Бүгінде бізде 4 доктор, 22 ғылым кандидаты және 719 магистр сабақ береді.

Хабарламаларға жазылу