Атақты баскетболшы Коби Брайант тікұшақ апатынан қаза болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атақты баскетболшы Коби Брайант тікұшақ апатынан қаза болды

27.01.2020
Атақты баскетболшы Коби Брайант тікұшақ апатынан қаза болды

41 жастағы Брайант пен оның 13 жастағы қызы Джанна Мария Оноре Брайант Таузанд-Окстағы мамба спорт академиясына жаттығуға бет алған. 

Лос-Анджелес округінің Өрт қауіпсіздігі қызметінің басшысы Дэрила Осбидің айтуынша, Лос-Анджелестің орталығынан солтүстік-батысқа қарай 30 милл жерде тікұшақ апатқа ұшырап, отқа оранған. 

Апат салдарынан бортта болған тоғыз адамның барлығы қаза тапты.

Коби Брайант АҚШ құрамасы сапында екі дүркін олимпиада (2008, 2012) чемпионы атанған. 2018 жылы Брайант «Қымбатты баскетбол» мультфильмі үшін «Оскар» сыйлығын алған.

Естеріңізге сала кетейік, Америкалық Sports Illustrated журналы Коби Брайантты онжылдықтың ең үздік бес спортшысы қатарына қосқан.

CNN

Хабарламаларға жазылу