2016 жылдың әлемдік спорттағы ұмытылмас сәттері (ФОТО, ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылдың әлемдік спорттағы ұмытылмас сәттері (ФОТО, ВИДЕО)

30.12.2016
2016 жылдың әлемдік спорттағы ұмытылмас сәттері (ФОТО, ВИДЕО)

Мінекей, 2016 жыл да соңына жетті. Осы жыл спорт әлеміндегі көптеген қызықты сәттерге толы болды. Солардың ең негізгілерін атап өтейік.

Раньери мырза мен оның шәкірттерінің жасаған сенсациясы. «Лестер» футбол клубы алғаш рет өз тарихында Англия чемпионы атанды. Бұл жеңістің ең қызықтысы - «Лестер» бір жыл бұрын Премьер-лигадан «ұшып кетпеу» үшін талас жүргізген еді.

авпаывпывапвыап

Криштиану Роналду мен оның отандастарының көптен күткен триумфы. Португалиялықтардың Еврода жеңіске жетеріне көпшілік сенген жоқ, ал, олардың салқынқанды және тактикалық сауатты ойнауы Еуропа чемпионы атануға әкелді.

апкепкепек

Он екінші ойыншы  Португалия құрамасының Еуро-2016-да топ жаруының құпиясы шығар. Мүмкін осы бір бозбала португалиялықтардың Уэльсті жеңіп, финалға шығуына көместескен шығар.

орапроапроар

Лионель Мессидің игі ісі. Мессидің целлофаннан жасалған жейде киген бүлдіршіннің суреті осы жылдың қаңтарында интернет желісінде танымал болып, Ауғанстан футбол феде­рация­сы жанкүйер мен футболшының кездесуін ұйымдастырамыз деп уәде берген болатын. Ақпанда аргентиналық футбол жұлдызы өзінің құрамасының жейдесіне қолтаңбасын қойып, бүлдіршінге сый ретінде жіберді. Ал, желтоқсанда Месси жанкүйерімен жүздескен еді.

аыввыыв

Аты аңызға айналған баскетболшы Коби Брайанттың соңғы матчы. «Лос-Анджелес Лейкерс» сапныдағы NBA-ның бес дүркін чемпионы, баскетболдан АҚШ құрамасы сапындағы  екі дүркін Олимпиада чемпионы Коби Брайант сәуір айында өз мансабын аяқтаған болатын.  Брайант 1996 жылдан бері «Лейкерс» клубында өнер көрсетті.

свысмвмвы

2016 жылғы Рио Олимпиадасының ашылу салтанаты

Болттың үстемділігі. Ямайкалық спринтер 100 метрге жүгіру кезінде күлімсіреген күйінде суретке түсіп қалып, мемге айналған болатын. Болттың өз жеңісіне деген сенімділігі көпшілікті таңқалдырды.

авивыаиавыиы

Спорт - бұл соғыс емес. Рио Олимпиадасы кезінде оңтүстіккореялық гимнаст Ли Ын-Джу мен КХДР келген гимнаст Хон Ын бірге селфи жасап, екіге бөлінген бір халықты бір қуантты

выавыаываыва

2016 жыл осылай өтті, ал, жаңа 2017 жылда спортшылардан не күтесіз?

Асқар Нуртасов

Хабарламаларға жазылу