Қытайда коронавирусқа шалдыққандар саны өсуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирусқа шалдыққандар саны өсуде

22.01.2020

Қытайда жұмбақ коронавирус тез тарап, құрбандар саны өсіп келеді. Соңғы мәліметке қарағанда, бұл инфенкциядан 9 адам жан тәсілім етіп, 440 тұрғынның оны жұқтырғаны ресми түрде расталып отыр. Және де осы адамдармен байланыста болған 2 мыңнан астам адам оқшауланды. 

Қатты асқынғанда өкпені қабындыратын жаңа вирус АҚШ-қа да жетті. Осыған дейін ол Жапонияда, Таиландта, Оңтүстіктік Корея, Тайваньда да анықталған еді. 

Бұл дерт жер шарына кеңірек тарайды деген қауіп бар. Сондықтан бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдік деңгейде төтенше жағдай жариялау мәселесін қарастырады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу