Ресейде робот-қызметкер әкімшілікте жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде робот-қызметкер әкімшілікте жұмыс істейді

21.01.2020

Ол мемлекеттік қызметкер ретінде, азаматтарды жеке қабылдап, кеңес береді. 

Сонымен қатар керек құжаттарды ұсына алады. Мұндай андроидтың құны – 40 000 $. 

«Бұл алдымен жемқорлықтың алдын алады»,- дейді мамандар. 

Дәл осындай роботты Ресейдегі медициналық жоғары оқу орындары да жұмысқа тартуды көздеп отыр. Олар өз кезегінде оқытушылар мен болашақ дәрігерлердің білім сапасын бағалайды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу