Каспий теңізінде жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий теңізінде жер сілкінді

03.01.2014
Каспий теңізінде жер сілкінді

Каспий теңізінде жер сілкінді. Магнитудасы 4,1 болатын дүмпу Түрікмен ауданындағы Қарабоғаз қаласында жергілікті уақыт бойынша өткен түнде 22.22-де сезілген.

 
10,3 энергетикалық санаттағы зілзаладан зардап шеккендер жоқ.  Естеріңізге салайық, былтыр күзде де Каспий теңізі тыныш жатпады. Магнитудасы 4 болатын жер сілкінісі тіркелді.
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу