Кәсіпкерлер ұйымы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер ұйымы құрылды

20.01.2020

Көкшетауда кәсіпкерлер мен әкімдік арасында байланыс тобы құрылды. Себебі іскер топ өкілдері тарапынан жергілікті атқарушы биліктің қызметіне қатысты арыз-шағым көп. Олардың көпшілігі жер қатынастары, сәулет және қала құрылысына қатысты.Өтініштердің 30 проценттен астамы осы мәселелер төңірегінде. Байланыс тобының алғашқы отырысына 30ға жуық кәсіпкер базынасын айтып келді. Бірқатар сұрақтар жалға берілген жер телімінің мерзімін ұзартуға байланысты болды.Мәселен, нысандардың құрылысы жүріп жатқанда құзырлы мекемелер кезінде заңсыз берілген деген себеппен жерді қайтаруға кіріскен. Сондай-ақ, жерді аукцион арқылы алып енді меншік құқығына ие бола алмай жүргендер де бар. Бұл мәселелердің бірқатары шешімін тапты. Кейбірі сот қарауына қалдырылды. Байланыс тобы мұндай отырыстарды ай сайын өткізіп отыруға уағдаласты.  

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу