Р.Ердоған Халифа Хафтар күштеріне ескерту жасады

14.01.2020

Түркия Ливия астанасын алуға әрекет жасап жатқан Халифа Хафтар күштеріне қарсы әрекет етуден тайынбайды. Мұны бүгін президент Реджеп Тайып Ердоған ескертті. Және де ол Хафтарды «бүлікші» деп атап, оны Мәскеудегі келіссөздерден қашып кетті деп айыптады.  

«Егер путчист Хафтар Ливия халқы мен заңды үкіметін шабуылдауды тоқтатпаса, бірнеше күнде біз оған сабақ беруден тартынбаймыз», - дейді Түрік Республикасының жетекшісі.

Өткен тәулікте Мәскеуде жауласушы тараптар келіссөз жүргізді. Алайда, Ливияның ресми үкіметінің жетекшісі Файез Сарадж бейбіт келісімге қол қойғанымен, Хафтар ымырадан бас тартып, еліне аттанған.

Екі жақ арасында билікке талас былтыр сәуірде басталды. Бұл соғыста Түркия Ливияның Ұлттық келісім үкіметін қолдап отырса, Ресей елдің шығысын жаулап алған Хафтарға көмектесіп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу