Ливияда африкалық мигранттар орналасқан орталықта әуе соққысынан 40 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливияда африкалық мигранттар орналасқан орталықта әуе соққысынан 40 адам мерт болды

03.07.2019

Ел астанасы Триполидің шетіндегі лагерге кімдердің авиациялық шабуыл жасағаны әзірге белгісіз. Айта кетсек, бүгінде осы қала үшін үкімет әскері мен фельдмаршалл Халифа Хафтар күштері соғысып жатыр.

 

Ливия - соғыс пен кедейшіліктен қашқан африкалық босқындар үшін Италияға барар жолдағы негізгі аялдама. Қазір мұндағы лагерлерде Еуропаға жетуді мақсат тұтқан мыңдаған мигрант тұрып жатыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу