Хафтар әскері Триполиді алуға аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хафтар әскері Триполиді алуға аттанды

05.04.2019

Ливиялық командир Халифа Хафтар армиясы ел астанасы Триполиді алуға аттанды. Соңғы мәліметке қарағанда, олардың қолына жолда бір қалашық өткен. Марқұм Муаммар Каддафи жауынгерлерінен құралған бұл  күштер Триполиді оңтүстіктен және батыстан қоршауға алмақ. Олармен соғысу үшін, Мисрата қаласынан ел астанасына билікке жақтас содырлар барып жатыр. Бақылаушылардың пікірінше, әскери жанжалға көп жылға созылған билікке талас себепші.

Триполи - Біріккен Ұлттар Ұйымына арқа сүйеген үкіметтің бақылауында. Ал, Мысыр мен Біріккен Араб Әмірліктерінің әскери көмегіне жүгінген Хафтар армиясы елдің шығысындағы Бенгази мен оңтүстігіндегі мұнайға бай аудандарға басшылық етеді.

Кезінде исламшыл күштермен соғысып, «дала маршалы» атанған Хафтарды оппоненттері «жаңа Муаммар» деп те атайды. Хафтар өткен аптада Сауд Арабиясына сапар шегіп, король Салманмен кездескен. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оның әскерінің қатарында салафиттер көп

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу