Қытайда жол опырылып түсті, қаза тапқандар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда жол опырылып түсті, қаза тапқандар бар

14.01.2020
Қытайда жол опырылып түсті, қаза тапқандар бар

Қытайдың Цинхай провинциясында жол опырылып, 6 адам қаза тапты. Бұған дейін жергілікті БАҚ 10 адамның жоғалғанын хабарлады, ал зардап шеккендердің саны - 15.

Оқиға дүйсенбі күні 17:30 шамасында Санин қаласындағы Наньдацзе көшесінде болған. Аялдамада тұрған автобус шұңқырға құлап, жарылған. 

Құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат себебі әзірге белгісіз.

Ria.ru Фото: eg.ru

Хабарламаларға жазылу