Апатқа әуе кемесіне мұз қатуы себеп болған.
Вице-премьердің айтуынша, ұшақтың қанаты мұзға қарсы сұйықтықпен өңделмеген.
Комиссия болуы мүмкін себептердің бірнеше нұсқаларын қарастырды. Зерттеу нәтижесі бойынша комиссия ұшақтың суықта қолданылатын арнайы сұйықтықпен өңделмегенін анықтаған.
«Комиссия ұшақты мұздатуға қарсы сұйықтықпен өңдеу жұмыстары толық аяқталмағанын айтты. Әуе кемесі командирі тек тұрақтандырғышты мұздатуға қарсы өңдеу туралы шешім қабылдаған. 1-ші сұйықтықпен ұшақтың қанаты өңделмеген», - деді Роман Скляр.