Шымкентте 900 жас отбасы пәтерлі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 900 жас отбасы пәтерлі болды

09.01.2020

Шымкенттік мыңнан астам отбасының көптен күткен арманы орындалды. Мемлекетттік бағдарлама аясында миллионды тұрғыны бар шаһардағы енді ғана отау тіккен 900 жас отбасы пәтерлі болды. Сондай-ақ, көпбалалы 450 жанұя да жаңа әрі жайлы қонысқа жайғасты.  

Жаңа үйге кіре сап, дастарханын жайып жіберген Динара мен анасының қуанышында шек жоқ. Әсіресе, екі ұлы мәз. Өйткені, баспана алу үшін осыдан бір ай бұрын ғана құжат тапсырған еді. Арманына әп-сәтте қол жеткізді. Динарының өзі Шымкенттегі мектептердің бірінде психолог болып жұмыс істейді. Сәулетті әрі кең баспана енді бұл отбасының қонақжай әрі ырысты мекені болмақ. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу