Балқашта 13 отбасы пәтерлі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқашта 13 отбасы пәтерлі болды

19.12.2019

Қарағанды облысының Балқаш қаласында 13 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Бұл жолы баспаналы болғандар көпбалалы жанұялар мен жалғыз басты аналар. Жалпы қалада 85 көпбалалы отбасы болса, жыл соңына дейін соның тағы 8-і баспанамен қамтылмақ. Қуаныш иелерінің бірі Дәурен Әшімханның жанұясы. Ұзақ жылдар үй кезегінде тұрған олар 4 бөлмелі пәтерге ие болды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу