Санкт-Петербургта оқитын қазақстандық студент дәріден уланып қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербургта оқитын қазақстандық студент дәріден уланып қайтыс болды

08.01.2020

17 жастағы қазақстандық қыздың өлі денесі Санкт-Петербургтағы пәтерлердің бірінен табылды. Бұл мәліметті Санкт-Петербургтағы консулдық қызметкерлері растап отыр. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бойжеткен дәрілік заттардан уланған. Пәтер иесі 24 жастағы Антон Сидоров бірнеше күн қалада болмаған. Ал үйіне келгенде қыздың жансыз денесін тапқан. Қолда бар ақпарат бойынша марқұм қаладағы белді оқу орындарының бірінде оқыған. Қайтыс болған қыз қыздың аты-жөнін жариялауға ата-анасы келісім бермеді. Ресей заңына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, 2018 жылдың көктемінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті Томирис Байсафа оқу орнының төртінші қабатынан құлап, көз жұмған еді.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу