Солтүстік Атлантикалық ағыс Мексика шығанағынан Еуропаға жылы су тасымалдап, солтүстік-батыс Еуропаның көп бөлігін салыстырмалы түрде жұмсақ климатпен қамтамасыз етіп отыр. Алайда ғалымдар Гренландиядан еріген су мен шамадан тыс жауын-шашын мұхит ағымына кедергі келтіруі мүмкін деп болжам жасауда. Groningen университеті мен Utrecht университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулер Солтүстік Атлант мұхитындағы жауын-шашын түсіміндегі аздаған әрі өтпелі өзгерістердің өзі ағыстың тоқтап қалуына әсер етуі мүмкін дейді. Алайда алдағы 100 жылдықта уақытша өзгерістің тек 15 пайыздық мүмкіндігі ғана бар. Аталмыш нәтижелер 30 желтоқсанда «Scientific Reports» журналында жарияланды.
Қорап моделі
Сондай-ақ, мұхит зерттеушілері Атлант мұхитындағы ағымдар жер бетіндегі тұщы судың мөлшеріне сезімтал екенін анықтады. Гренландиядан еріген судың ағыны климаттың өзгеруінен, мұхитқа түсетін жауын-шашынның салдарынан көбейген, бұл өзгеріс өз кезегінде Солтүстік Атлантикадан Еуропаға тасымалданатын жылы ағысты бәсеңдетуі тіпті тоқтатуы мүмкін деген ғылыми болжам жасалуда.
«Мұхиттар үлкен энергияны сақтайды және мұхит ағындары жер бетіндегі климатқа тікелей әсер етеді», дейді Groningen университетінің информатика кафедрасының доценті Фред Вабб. Ол Utrecht университетінде қызмет ететін әріптесі Хенк Дийкстрамен бірге шамамен 20 жыл бойы мұхит ағымдарын зерттеп келеді.
Толық күйреу
Солтүстік Атлант ағынының уақытша баяулауына немесе толық тоқтауына әкелетін тұщы су тасымалындағы ауытқулар ықтималдығын бағалау үшін осы блок моделін бақылап, нәтижелерін пайдалану қажет. Ағымдағы сызықтық емес мінез-құлық осыны көрсетіп отыр, бұл кішігірім өзгерістердің салдары болуы мүмкін.
Блок моделімен көзге түскен физиканың эволюциясын тек модельдеу арқылы алуға болады. «Біз іздеген ауысулар сирек кездесетін оқиғалар болады деп күтілуде, олардың пайда болу ықтималдығын бағалау үшін үлкен көлемдегі симуляция қажет», - дейді Wubs. Алайда, голландиялық ғалымдар француз ғалымы қажетті модельдеу санының көп мөлшерінсіз-ақ, ең перспективті модельдеу әдісін ойлап тапқанын анықтады.
Wubs-тің аспиранты Свен Баарс, бұл әдісті тиімді қолданды және оны Utrecht блок-моделімен байланыстырды. Ал Dijkstra-ның аспиранты Даниэле Кастеллана симуляция жасады. «Бұл модельдеу Солтүстік Атлант мұхитының келесі мың жыл ішінде толықтай құлдырауының мүмкін еместігін көрсетті», дейді Wubs-тықтар.
Үзіліс
Еуропаның солтүстік-батыс бөлігі белгілі бір дейгейде жылы сумен қамтамасыз етуді уақытша тоқтатуы ықтимал: «Біздің модельдерде келесі 100 жылда мұндай жағдайдың болу мүмкіндігі 15 пайызды құрайды». Мұндай уақытша ауысулар Солтүстік Атлантика аймағында суық кезеңді тудыруы мүмкін. Дегенмен бұл ақпарт әлі де қосымша зерттеулерді, ғылыми растауды қажет етеді. Жүргізіліп жатқан зерттеулер - тәуекелді анықтаудың алғашқы қадамы. Үлгіде Солтүстік Атлант мұхиты қабаттарының еруіне байланысты болуы мүмкін тұщы судың елеулі өзгерістері ескерілмеген.
Wubs: «Келесі әрекетіміз - климаттық модельдеумен нәтижелерімізді тексеру», деп келесі қадамы туралы айтты.
Материал 2019 жылдың 30 желтоқсанындағы Д. Кастеллана, С. Баарс, Ф.У. Вабалар және Х.А. Дижкстра: «Атлант мұхитының айналымындағы шу әсерінен болатын өтулердің ықтималдығы» атты ғылыми есептеріндегі мәліметтер бойынша жазылды.
www.eurekalert.org