Сақтандыру компаниясы қаза тапқандардың жақындарына өтемақы төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сақтандыру компаниясы қаза тапқандардың жақындарына өтемақы төлейді

30.12.2019

Сақтандыру компаниясы ұшақ апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындарына өтемақы төлейді. Бұл туралы ұшақ сақтандырылған мекеменің өкілдері айтты.

Олардың сөзінше, апаттан денсаулығына зақым келген жолаушылардың ем-домына кеткен шығыны ретінде 200 айлық есептік көрсеткіш, апаттан кейін мүгедек болып қалғандарға 2500-ден 5 мыңға дейін, ал қаза болғандардың жақындарына 5000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат беріледі. Келер жылы айлық есептік көрсеткіш көлемі жоғарылайды. Дегенмен, мамандар сол мерзімге сәйкес, заң талаптары бойынша есептелетіндігін айтты. Ал қазір құжаттар дайындалып жатыр. Сонымен қатар, компания өкілдері зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарына өтемақы туралы ақпаратты жеке-жеке хабарлауда.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ  

Хабарламаларға жазылу