Зардап шеккендер мен марқұмдардың отбасына көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зардап шеккендер мен марқұмдардың отбасына көмек көрсетіледі

30.11.2023

Алматы әкімдігі хостелдегі өрт кезінде қайтыс болғандардың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және марқұмдардың денесін туған жеріне жеткізуге жәрдем береді. Сондай-ақ, зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарды қолдаудың барлық шаралары көрсетіледі. Уақытша баспана мен тамақ беріліп, қажетті медициналық және психологиялық көмек ұйымдастырылды.

Жерлеу мәселесі бойынша қаза тапқандардың туыстары экранда көрсетілген байланыс нөмірлеріне жүгіне алады: (( + 7 707 779 07 08, +7 777 312 08 08. )) Сонымен бірге, Алматы әкімдігі өрт салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу