«Bek Air»-дің қожайыны кім? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Bek Air»-дің қожайыны кім?

29.12.2019

Енді «Bek Air»-дің қожайыны кім?» дегенге келсек, міне, мынау дейтіндей дәл қазір ақпарат болмай тұр. Forbes.kz 2015 жылы бай бизнесмендерді атағанда «113 миллион доллармен Сұлтан Нұрбол, меншігінде «Азия Кредит Банк», «Bek Air» АҚ және «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-де үлесі бар» деп жазған-ды. Дегенмен Еділов деген саясаттанушы Telegram-дағы арнасында Нұрбол Сұлтанның бірнеше жыл бұрын бүкіл активін сатып, АҚШ-қа қоныс аударғаны туралы мәліметі барын жазды.

Негізі Нұрлан Жұмасұлтанов есімді азамат бірінші кезекте аталған: оны да Ербол Еділов хабарлады. Жұмасұлтанов «Bek Air»-ді 2011-18 жылдары басқарған, кейін профильді министрлікте авиациялық оқиғаларды зерттеу басқармасын басқарған. Жазда қызметінен кеткен.   

Ірі бизнестің қожайындары туралы ақпарат жоқтың қасы. Айтпақшы, қауіпсіздік сертификаты 1,5 млн доллар емес, 67 мың доллар тұрғаны анықталған. Сараңдықтың соңы неге әкеліп соғатыны тағы дәлелденді. 

Хабарламаларға жазылу